Баспасөз орталығы

Табысты тәлімгерлердің өздері білімге құмар – ҚТЖ HR-бизнес-серіктесі Ақмарал Байғабылова

Жаңалықтар 25 Июня 2021
Табысты тәлімгерлердің өздері білімге құмар – ҚТЖ HR-бизнес-серіктесі Ақмарал Байғабылова

Табысты тәлімгер дегеніміз қандай? Неліктен, қосымша жүктемеге қарамастан, тәлімгерлік барлық күш-жігерді ақтайды? Тәлімгерлік компанияға адал мамандар қатарын құруға қалай көмектеседі?

 

Осы тақырыптардың барлығы туралы жастармен жұмыс туралы бәрін білетін адам – Ақмарал Байғабыловамен әңгімелестік. Сарапшы бұл бағытта 10 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық ірі компаниялардың бірі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жұмыс істеп келеді. Ақмарал компанияның Адам ресурстарын басқару департаментінің HR-бизнес-серіктесі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорындағы «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламаларының тәлімгері болып табылады.

 

«Студенттік кезден бастап белсенді өмірлік ұстанымда болдым. Қазақстан студенттері альянсының, Қазақстан жастары конгресінің қатарына кірдім, жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешуге ден қойдық, студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыттық, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттадық. Сондықтан жастардың қалауы мен мақсаттарын жақсы түсінемін», - дейді ол.

 

Ақмарал оның қызметі компания мен Қор бағдарламаларымен немен байланысты екендігімен бөлісті.

 

«Менің жұмысым 10 жыл бойы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар саясатымен байланысты болып келеді. Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 46 мыңнан астам жас маманға жетекшілік еттім.

 

Компания жас мамандардың дамуына үлкен қолдау танытып, барынша көмек көрсетуде және бұл күш-жігер желге ұшпай, жемісін беруде. Олардың көпшілігі бүгінде басшы лауазымдарға ие.

 

Сондай-ақ ҚТЖ-ға жыл сайын көптеген қызықты жобалардың дамуына үлкен үлес қосып жүрген студенттер тағылымдамаға келеді. Олармен жұмыс істеу де өте қызықты.

 

Маған «Самұрық-Қазына» АҚ «Цифрлық жаз» бағдарламасының тәлімгері болу бақыты бұйырды. Бұл бағдарлама үздік және талантты жастарға «Қордың қоржындық компанияларындағы цифрлық трансформация» нақты жобаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді», – дейді маман.

 

Ақмарал дамуына тәлімгер ретінде қатысатын қамқорлығындағылардың арасында қысқа мерзім ішінде мансап сатысымен көтеріліп, жарқын кәсіби нәтиже көрсеткен көптеген «жұлдыздар» бар. Тәлімгер осындай оқиғаның бірімен бөлісті:

 

«Шоқан Тілеубердиев өзін «Жас Өркен 2019» бағдарламасының белсенді жас маманы ретінде көрсетті. Ол өзінің алғашқы ротациясын ҚТЖ Адам ресурстарын басқару департаментінде өткізді.

 

Шоқал түрлі жобаларға, қайырымдылық іс-шараларына қатысып, ҚТЖ-да «БЛАГО» жобасының құндылықтарын таратты, Ақтөбе мен Орал қалаларына іссапарға жолданды.

 

Осы кезеңде жас маман өзінің коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларын күшейтіп, команда құру дағдыларын жақсартқан және «Нәтижеге бағдарлану» құзыретін дамытты.

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Кегок» АҚ тараптарындағы басқа ротация баспалдақтарынан кейін Шоқанның таңдауы біздің компанияға түскені қуантады. Бүгінде Шоқан өзі ротациядан өткен департаментте бас менеджер болып табылады».

 

Ақмарал тәлімгерлік мәнін қалай түсінетінін және оның қалай шабыт сыйлайтынын айтып берді.

 

«Мен үшін тәлімгерлік – бұл ең алдымен әріптестермен компанияның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кәсіби дағдылар мен білімдермен бөлісу мүмкіндігі. Бүгінгі таңда, менің ойымша, бұл уақыт сынынан өткен қызметкерлердің қолданбалы кәсіби құзыреттілігін дамытудың ең нәтижелі әдістерінің бірі.

 

Әрине, тәлімгерлік қосымша уақыт пен күш-жігерді қажет етеді, бірақ сонымен бірге сіздің қызмет аясына тереңірек енуге, басқару дағдыларын дамытуға, кәсіби тәжірибені жүйелеуге және пайдалы болуға мүмкіндік береді.

 

Тәлімгер пайдалы білімімен бөлісіп қана қоймай, оқушының бойына сенім ұялатады, оны үлкен жетістіктер мен жетістіктерге шабыттандырады. Мамандыққа жаңадан келген адам үшін оның қабілетіне сенуі өте маңызды», - деп түсіндіреді әңгімелесуші.

 

Тәлімгерді өз қамқорлығындағы адамды дамытуда шын мәнінде керемет және маңызды ететін не? Сарапшы керемет тәлімгер болудың құпиясымен бөлісті:

 

«Мінсіз тәлімгерлер - бұл өздерінің қызығушылығы зор студенттер және әрқашан өз білімдерін тереңдетуден талмайды. Олар мұқият тыңдай алады, қажетті сұрақтар қояды, байыпты түрде кері байланыс береді, өз өмірінен оқиғалармен және мысалдармен бөліседі.

 

Мінсіз тәлімгер табысты, кемелденген, көркем мінезді және басқаларға көмектесуге құштарлығы жоғары тұлға болуы тиіс.  Ол әрқашан басқа біреудің де жетістікке жетуіне шын жүректен қызығушылық танытып, қалауы керек. Өзінің қамқорлығындағы адамды бәсекелес көрмей, табыстарына қуана білгені абзал».

                                                                                     

Тәлімгерлік жүйесі сауатты құрылған компанияда бұл процесс тәлімгердің де, оның қамқорлығындағы адамдардың да алдында кең көкжиек ашады және де компанияның өзіне оң әсерін тигізеді деп есептейді Ақмарал:

 

«Бізге, яғни тәлімгерлер үшін бұл кәсіби деңгейді арттыру, өзін басшы ретінде өсіру, мансаптық және жеке өсу мүмкіндігі. Біз тәлімгерлер болып табылатын әріптестер қолдау мен компанияның мақсаттарына қол жеткізуге қатысып жатқандарын сезінеді, өз құзыреттерін дамытады, сенімді және белсенді бола түседі. Бұдан бөлек, өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды.

 

Тікелей компания тынысына келетін болсақ, тәлімгерлік жүйесі оқыту шығындарын оңтайландыруға және тәжірибе беру процесін реттеуге, жоғары білікті адал қызметкерлер пулын қалыптастыруға, командалық рухты нығайтуға, жоғары еңбек нәтижелеріне қол жеткізуге ынталандыруды күшейтуге, ішкі бағалау жүйесін дамытуға және кадрлардың тұрақтамауын қысқартуға мүмкіндік береді».

 

Ақмарал тәлімгердің тиімді жұмыс істеуі үшін оның, қарамағындағылардың, басқа қызметкерлер мен басшылардың арасындағы өзара байланысты дұрыс құру маңызды деп санайды. Компанияның стратегиялық мақсаттарының және ортақ міндеттерді шешу тәсілдемелерінің бірыңғай пайымына қол жеткізу қажет: 

 

«Тәлімгер мен қамқоршы арасындағы қарым-қатынас, нәтижесінде теңдік пен өзара қызығушылық қағидаттарына негізделуі керек. Сенімді орта құрып, өз пікіріңізбен киліге бермеген және оқушыға ескертулермен және ұсыныстармен ауыртпалық түсірмеген жөн.

 

«Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» сияқты бағдарламалар «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында тәлімгерлік және сабақтастық институтын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жас мамандардың ғана емес, тәлімгерлердің де үйлесімді дамуына мүмкіндік береді.

 

Қорытындылай келе, тәлімгер тіл табысушылық, шыдамдылық, жаңашылдыққа ашықтық, өзге пікір мен тәжірибеге ыждаһаттық, қателіктерді жұмсақ түзете білу және кәсіптің дамуына шабыт беру сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс деп айта аламын», – деп атап өтті Ақмарал.

 

Бөлісу