«Бір минутта жұмыс таптым» - «Интергаз Орталық Азия қызметкері Qsamruk.kz туралы

Осы жылдың наурыз айында Нұрбол Қылышбаев Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы «Интергаз Орталық Азия» компаниясы ұжымының мүшесі атанды. Кәсіпорында бос орын бар екендігі туралы оған жергілікті Жұмыспен қамту орталығынан айтқан.

Нұрбол – 32 жаста. Оның ішінде 14 жыл электр монтері болып еңбек еткен. Ол өз ісін жақсы көреді және оны мақтан тұтады. Біздің кейіпкеріміз кез-келген мамандықта ең бастысы – кәсібиліктен айнымау және жұмыстың қыр-сырын терең меңгеру деп санайды. Сонымен..

«Мемлекеттік мекемеге жүгініп едім, бірден бір минут ішінде Qsamruk.kz сайтынан бос орын таптым. Порталды пайдалану өте оңай, мән-жайын ұғыну жеңіл, тез жұмыс табуға көмектесетін көптеген қызықты тетіктері бар», - дейді ол.

Компания қызметкерлері қатарына қосылу үшін Нұрбол қатаң іріктеуден өткен - кәсіби білім жөніндегі тестілеу, содан кейін басшылықпен әңгімелесу. Барлық кезеңді сәтті аяқтағаннан кейін біздің кейіпкеріміз 48 сағаттық онлайн оқудан өтіп, содан кейін емтихан тапсыру және тағылымдамадан өту белестері тосқан. Қазір маман компания штатына қабылданып, ұжымдастарымен тіл табысып кеткен.

«Біздің қызметте менен басқа тағы үш электромонтер жұмыс істейді. Тез дос болдық. Сондай-ақ басқа бөлімшелердің жүргізушілерімен және қызметкерлерімен жылы қарым-қатынас жасаудамын. Маған менің ісім ұнайды, жиі іссапарларға барамын, тәртіпті қадағалаймын, газ құбырындағы ақауларды жөндеймін. Түйткілдер бар, бірақ оларды тез арада шешуге тырысамын», - дейді ол.

Нұрболға жұмыс қиынға соқпауда, себебі оның тәжірибесі мол, тіпті халықаралық дәрежеде көкжиегін кеңейтіп үлгерген. «Интергазға» дейін Ресейдегі бұрғылау қондырғыларында электр монтері болып жұмыс істеген. Оған дейін мамандығы бойынша Ақтөбе облысында тер төккен.

Біздің кейіпкеріміз Қазақстанға оралғанына қуанышты және қазір әлеуетін іске асыру үшін өз елінде көптеген мүмкіндік табуға болады деп санайды. Оның үстіне жұмыс іздеу процесі ыңғайлы және қарапайым күйге енген. Әсіресе Qsamruk.kz (https://qsamruk.kz/) сынды порталдардың пайда болуы асуларға жол ашуда.

Ал біз оқырмандарымызға жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында 1 270-тен астам адам жұмысқа қабылданғанын еске саламыз. Біздің порталды қолданыңыз және армандаған жұмысыңызды табыңыз!

 

Спасибо за заявку
Ожидайте нашего звонка.