Баспасөз орталығы

Қазақстанның 10 000 қызметкерінің деректері: Корпоративтік университеттің ынта деңгейі жайлы үлкен зерттеуі

Жаңалықтар 30 Июля 2021
Қазақстанның 10 000 қызметкерінің деректері: Корпоративтік университеттің ынта деңгейі жайлы үлкен зерттеуі

Жұмысқа кім көбірек атсалысады - ерлер немесе әйелдер? Тәжірибелі немесе жас қызметкерлер белсенді ме? Қандай жұмыс түрі ынтаны арттырады - қашықтан немесе кеңседен? Бұл сұрақтарға жауаптарды біздің материалдан оқыңыз.

Жұмысқа ынта-қатысу - бұл қызметкерлерді өз жұмысын мүмкіндігінше жақсы орындауға құлшындыратын жағдай. Оның жоғары деңгейі – кіріс көлеміне тікелей әсер ететін компанияның табысты кадрлық саясатының көрсеткіштерінің бірі.

«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті 2012 жылдан бастап қызметкерлердің жұмысқа атсалысуына зерттеу жүргізуде. Тоғыз жылда барлық Қазақстан бойынша 100 000 мың пікір иесі сұралды. Біздің сарапшыларымыз HR-бағытына қатысты тартымдылық және басқа да тақырыптар бойынша нағыз шеберге айналды.

Материалда 10 мыңнан астам респондент қатысқан соңғы зерттеу деректері келтірілген. Ахуалға көбірек қанығу үшін біз әлемдік трендтерді де келтірдік.

Биік белестерге

Короновирус пандемиясына қарамастан, қызметкерлердің жұмысқа қатысуы өткен жылдармен салыстырғанда төмендемеді. Ел бойынша ынта индексі 83%-ды құрайды.

Бірақ отандық жұмыс берушілерге әлі де алға ұмтылған жөн. Компаниялардың әлсіз тұсы - кері байланыс. Қызметкерлер сәтті жұмыс істегендері үшін алғыс аз айтылады деп санайды. «Gallup» зерттеу орталығының мәліметі бойынша, кері байланыс маңызды фактор болып табылады. Сондай-ақ, жауап берушілер, өз компанияларында мансаптық сатымен тез көтеріле алатын едім деп санайды.

Жас vs. ересек буын

Жасы бойынша ең көп атсалысатын топты ең жас және ең ересек қызметкерлер құрайды - 25 жасқа дейін және 55 жастан жоғары. Бұл санаттар басшылардың қамқорлығын ең көп сезінеді және басқаларға қарағанда өз еңбектері үшін көбірек алғыс алады.

Оқыту мәселесінде қарқын басқа. Жас қызметкерлер өздерінің дамуына басқаларға қарағанда көбірек риза, бірақ жасына қарай қанағаттану бірнеше есеге төмендейді. Ең аз ризалары – 55 жастан асқан жұмысшылар.

Сонымен бірге, жас қызметкерлер компанияның дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын аз түсінеді, ал аға буын әріптестер ортақ іске өз үлестерін жақсы түсінеді.

Жалақыға келетін болсақ, оған 25 жастан 34 жасқа дейінгі қызметкерлер аз риза. Бұл санат ерекше назар аударуға лайық. Талдауға сәйкес, мыңжылдықтар ұрпағы және Z ұрпағы(1989 жылдан 2001 жылға дейін туған) жұмысшы табының негізгі бөлігін құрайды. Материалдық игіліктерден басқа, олар үшін жұмыс берушіні таңдаудағы маңыздысы қызметкерлердің әл-ауқатына қамқорлық, ұйымдағы көшбасшылықтың әдептілік мәнері және қызметкерлерді таңдаудағы саналуандылық болып табылады.

Әйелдер vs. ерлер

Ерлердің қатысуы 5%-ға жоғары. Ұқсас көрініс Корпоративтік университет зерттеуінің барлық жылдарында байқалады.

Келесі санаттар бойынша әйелдердің қанағаттануы төмен: жұмыс үшін алғыс иелену - 6%-ға, оқу мүмкіндігі - 12%-ға, бастаманы таныту мүмкіндігі - 6%, мансап -5%, ұжымдағы пікірді ескеру - 10%, жалақы - 10%, жұмыс жүктемесі -7%.

Айта кету керек, біздің еліміздегі зерттеу келбеті басқа мемлекеттердің көрсеткіштерінен өзгеше. «Gallup» мәліметі бойынша, АҚШ-та ынта әйелдерде жоғары. Сондай-ақ, әлемдік зерттеулер нәтижесі, әйелдердің басшылығымен жұмыс істейтін командалар көбірек жұмысқа атсалысады және белсенді болады дейді.

Қашықтан істеу vs. кеңсе

Өткен жылы Корпоративтік университеттің сауалнамасына қатысушылардың 40%-ы кеңседе жұмыс істеді, 9%-ы тек қашықтан жұмыс істеді, ал қызметкерлердің 57%-ы аралас сипатта (кеңседе және қашықтан) жұмыс істеді.

Біздің талдауымыздың нәтижесі бойынша қашықта еңбек ететін қызметкерлер кеңседе жұмыс істейтін әріптестерімен салыстырғанда біршама үлкен қызығушылық танытады. Айырмашылық шамалы болса да, болашақта бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Қазіргі үрдістерге сүйене отырып, қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін көбірек бағалай бастауда. Таланттар үшін күресте икемді жұмыс кестесінің мүмкіндігі үлкен мәнге ие болуы мүмкін.

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер материалдық сыйақыға көбірек қанағаттануда, жұмысқа және олардың пікірлері ұжымда ескерілгеніне үлкен алғыспен қарайды, сонымен қатар басшылық шешімдеріне көбірек сенім артуда.

Пандемия

Бүкіл әлемдегі белсенділікті зерттеудің ірі орталықтары болып табылатын «Gallup» және «Kincentris» мәліметі бойынша, пандемия ынтаны төмендетпеді, тіпті қиын кезеңде қызметкерлерді бірлігін арттырды.  «Gallup» дерегіне жүгінсек, карантинның алғашқы алты айында құлшыныс айтарлықтай төмендеді, бірақ кейін ол рекордтық деңгейге жетті. «Kincentric» мағлұматына сүйенсек, әлемдегі жұмысқа ынта 2019 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті.  Алайда болжамға қарасақ, ынтаның күрт артуы болашақта кеңсеге оралуға және пандемия жағдайын тұрақтандыруға байланысты төмендеуі мүмкін.

Зерттеуіміз бен әлемдік үрдістің кейбір елеулі трендтерін назарларыңызға ұсындық. Корпоративтік университет жыл сайын қазақстандық компаниялардағы ынта деңгейін өлшейді және осы орайда SKCU.kz сайтынан әрі қарайғы да тұжырымдарды қарап отыруды кеңес етеміз.