Баспасөз орталығы

«Самрұқ-Қазына» Корпоративтік университеті: біз қалай «бұлтқа» ауыстық

Жаңалықтар 17 Сентября 2021
«Самрұқ-Қазына» Корпоративтік университеті: біз қалай «бұлтқа» ауыстық

«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің сарапшылары «бұлтты» ортаға үздіксіз көшу тәжірибесімен бөлісті.

«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің бас операциялық директоры Жанар Байжұманова мен ІT аға менеджері Мирас Әбжанов компания сервистерінің бұлтқа көшуі, процестің қалай өткені және тәжірибенің табыстылығы туралы айтып берді.

- Жанар, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетіне шағын саяхаттан бастайық. Айтыңызшы, қандай мақсаттарға ұмтылудасыздар, алдарыңызда қандай міндеттер тұр?

Жанар Байжұманова – «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті 2004 жылдан бастап қызметкерлерді оқыту, бағалау және дамыту саласында қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта біздің университет «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының мамандарын қайта даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен, адами ресурстарды басқару, өзгерістерді басқару, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру саласында қолдау көрсетумен айналысады. Сонымен қатар, қызметкерлердің тиісті дағдыларын дамыту арқылы «Самұрық-Қазына» холдингі компаниялар тобының трансформациясына жәрдем көрсетеміз. Оңай міндет емес, өйткені холдинг бүгінде 200-ден астам компаниядан тұрады.

Тағы да тоқтала кетсем, бізде қызықты HR-жобалар бар. Мысалы «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» топтарына дарынды жастарды іздеу және тарту.

Бұдан басқа, «Samruk Qyzmet» рекрутингтік онлайн-платформасын әзірледік және оны әкімшілендірудеміз. Бұл портал жұмыс іздеушілер арасында да, жұмыс берушілер арасында да танымал.

Виртуалды оқытудан тұратын e-learning жобасы да өте қызықты деп ойлаймын. Онда әркім өзіне 100-ден астам түрлі курстарды, семинарларды, вебинарларды және белді сарапшылардың баяндамаларын таба алады.

Тұтынушыларға HR-Qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының жобасы аясында көптеген қызметтерді көрсетуге дайынбыз. Қазір мұнда 12 қызмет бар.

Ал консалтинг құралдарымыз клиенттерге қызметкерлерді бағалауды, әлеуметтік зерттеулерді, грейдерлеуді және тағы басқаларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте біз тек холдингпен ғана тұйықталмаймыз, біздің клиенттеріміз — қазақстандық экономиканың негізгі ойыншылары, B2B және В2С бағытында белсенді жұмыс істейміз. Бұл дегеніңіз, бәрінен бұрын, оқу бағдарламалары мен HR саласындағы саналуан жобалар.

Жалпы, мен «үздіксіз білім беру» парадигмасын ескере отырып, университет үшін өте кең көкжиек ауқымын көрудемін.

- Оқыту - маңызды сала. Мұнда өте батыл, көзсіз сынақтарға орын жоқ екені түсінікті - қателіктер ұзақ жылдардан кейін ғана аңғарылуы мүмкін. Дегенмен, сала өзгеруде, IT көптеген процестерге белсенді түрде енуде. Сіздердегі IT ахуалы қалай?

- Иә, өздеріңіз көріп отырғандай, бізде тиісті платформаларсыз дами алмайтын жобалар өте көп. Кең мағынада, технологиялар процестерді өте жоғары деңгейде автоматтандыруға, күнделікті күйбең процедуралардан аулақ болуға және оларды стандарттауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.

Егер нақты жобаларды тілге тиек етсек, онда компанияның операциялық тиімділігін арттырудың тамаша құралы болып табылатын RPA роботтандыру жобасына тоқталар едім. RPA құралдарының арқасында қызметкерлердің көп уақытын күнделікті әуре-сарсаңнан босатамыз, бұл тиісінше шығармашылық пен тың ойларға жол ашады. Қазіргі уақытта бұл шамамен HR-бағыттан қаржы саласына дейін 30 процесс. Чат-ботты әзірлеудегі тәжірибеміз де қызықты. Оны пайдалана отырып, мысалы, кеңсеге келуді брондауға, демалысты жоспарлауға және тағы басқа дүниелерге иек артуға  болады — барлығы 9 сервис қолжетімді.

Бұған дейін әңгіме арқауына айналған екінші жоба – e-learning. Аталмыш қадам, іс жүзінде, кез-келген компанияның қызметкері орналасқан жеріне қарамастан «үздіксіз оқыту» процесінде қала алатындығын білдіреді. Пандемия кезінде бұл әсіресе өзекті болды. Ал қашықтан жұмыс істеу бүгінгі таңда маңызды үрдіс екенін ескере отырып, мұнда одан әрі эволюцияны күтуге болатыны анық.

Жоғарыда аталған үшінші жоба - онлайн рекрутинг порталы. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» тобының 170 компаниясының бос жұмыс орындарын біріктіреді. Платформадағы барлық рекрутингтік процестер де барынша автоматтандырылған. Бүгінгі таңда Samruk Qyzmet алаңында 50 мыңнан астам жұмыс іздеуші тіркелген. Жалпы, бұл жоба, бізге Қордың портфельдік компанияларына персоналды жалдау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Порталдың маңызды ерекшеліктерінің бірі бос орынға өтінім берген әрбір ізденушіге кері байланыс беру болып табылады.

Егер бизнес-процестер туралы айтатын болсақ, менің ойымша, бұл жерде департаменттердің жобалық қызметін қадағалауға мүмкіндік беретін «канбан-тақта» жобасы өте қызықты. Ол үдеріске лезде қосылуға, нақты уақыт тәртібінде әрбір құрылымдық бөлімшенің жобалық белсенділігін көруге, өз міндеттерін айқындауға, жобалық өзгерістерге жедел ден қоюға қарайласады.

Әрине, трансформация тұрғысынан өте маңызды процесс - бұл «бұлт»: бізде деректердің үлкен ағындары бар, олар «бұлтты» ортаға көшу тұрғысынан байыпты және байсалды көзқарасты қажет етеді. Бұл жерде менің әріптесім Мирас Әбжанов егжей-тегжейлі тарқатып бере алады деп ойлаймын.

- Мирас, әлеуетті «бұлтты» серіктесті таңдау кезінде қандай өлшемдерді қолданар едіңіз? Таза гипотетикалық тұрғыда.

Мирас Әбжанов — Ол туралы гипотетикалық түрде айтудың қажеті жоқ шығар. Себебі, міне, шамамен төрт жыл бойы «бұлтта» отырмыз. Мұның бәрі пошта серверін жаңарту міндеті тұрған 2018 жылы басталды десем, жаңсақ кетпеспін. Сол кезде екі сценарий межеленді: жаңа сервер сатып алып, оған қоныс аудару немесе бұлтқа біржола кету. Қажеттіліктерімізге, деректерді сақтау қауіпсіздігіне, нарықтық жағдайларға, мүмкін шығындарға және екі нұсқаның басқа да ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, біз деректерді «бұлтқа» ауыстыру абзалдығы туралы шешім қабылдадық.

Осылайша деректерді өңдеу және сақтау саласындағы қазақстандық заңнамаға толық сәйкестіктен бастап, техникалық база, қызметтерді жеткізушінің беделі, техникалық қолдау тұрғысынан мүмкіндіктер деңгейі және сервистердің икемділігі сияқты жеке талаптарға дейін әлеуетті провайдердің атына көптеген елеулі талаптар қалыптастырдық.

- Түсінгеніміздей, таңдау Cloud24.kz тарапына түсті ғой. Осы орайда оператор алаңында не орналастырдыңыздар? Қандай қызметтер мен ресурстарды?

- Иә, нәтижесінде, біз осы компанияны таңдадық. Егер пошта қызметі туралы айтатын болсақ, онда «бұлтты» үлгіні сынап көрдік. Сайып келгенде, нақты нәтиже күткеннен жоғары болды — іс жүзінде ауысу тек сапалы және тез ғана емес, сонымен қатар жіксіз тәртіпте жүргізілді. Әріптестер ешқандай сәтсіздіктер мен кідірістерді сезінбеді, тек қызметтер ауқымы кеңейді. Бұл бірінші жасалған қадам болды.

Провайдеріміздің мамандары қолданыстағы инфрақұрылымға аудит жүргізгенін, оңтайландыру және жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынғанын атап өткен жөн.

Әрі қарай тереңірек құлаш сілтедік: біз бұрын айтқан қызметтердің барлығы дерлік «бұлтты» ретінде әзірленген еді. Олардың бір бөлігі Cloud24.kz алаңына орналастырылды.

Жалпы, егер біз өзіміздің инфрақұрылымымызда қалатын болсақ, онда жаңа жобалар пайда болған кезде жаңа жабдықты қосуға тура келетін еді. «Бұлтты» провайдермен бәрі жеңілдеді - қанша қажет болса, сонша ресурстарды аламыз. Сонымен қатар, бәрі консоль деңгейінде өтеді — жоспарланды, расталды, ресурстар алынды. Тиісінше, кез-келген физикалық жаңартуға уақыт сарп етілетінін ескере отырып, бұлт жобаларды енгізу мен тестілеуді өте тездетті деп айтуға болады.

Егер сіз бұрын сұраған шарттарды жүйелер болсақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестіктен басқа, деректердің қауіпсіздігі, құралдар пакеті, техникалық мүмкіндіктер, ресурстардың икемділігі, баға саясаты назарға ілігеді.

Бүгін барлық жаңа жобаларды «бұлтта» ашып жатырмыз.

- Ал егер мәселеге экономика тұрғысынан қарайтын болсақ?

- Мұнда бәрі тағы да «бұлттың» пайдалығын түйсіндіреді. Себебі бұл құралды пайдалану күрделі салымдарды болдырмайды – негізінен «темірдің өзі», лицензиялар, тіпті кішкентай болса да, деректерді өңдеу орталығы шығындары — бұл өте маңызды сомалар: өрт сөндіру, қол жеткізуді басқару және резервтік электрмен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған бөлме. Нәтижесінде, бұл еңбек ресурстары жағынан да, материалдық инвестициялар тұрғысынан да өте қымбатқа соғады.

- Cloud24.kz тарапымен ынтымақтастықтан не ұттыңыздар? Бизнес-процестеріңіз қалай өзгерді?

- Әрине, ресурстардың қолжетімділігі артты. Дәл сол поштамен біз web-шлюзді іске асырдық - интернет пен ұялы телефонның болуы жеткілікті, бұл қызметкерлер үшін операциялық процестерді едәуір жеделдетті және жеңілдетті.

Мықты жақтардан біздің провайдер тарапынан жобалық және техникалық қолдаудың жоғары деңгейін атап өткім келеді. Бұл әдетте бірден байқалмайды, бірақ «бұлтты» қызметтердің әр тұтынушысы нақты жұмыста кездеседі.

Өте маңызды қырлар - ақауларға төзімділік және ауқымды ұлғайту. Бұл тұста да Cloud24.kz тарапында бәрі дұрыс.

Қауіпсіздікті де әбден бірінші орындардың біріне шығаруға болады. Біздің деректер IPS, Anti-bot, антивирус деңгейінде қорғайтын checkpoint-GenerationFirewall автоматты қорғанысымен «бұлтта» сенімді сақталады. Егер пошта қызметі туралы айтатын болсақ, онда қызмет антивирустық қорғауды, спамнан қорғауды, сондай-ақ құм жәшігін (Sandbox) қамтиды. Соңғысы классикалық антивирустармен анықталмайтын белгісіз зиянды бағдарламаны анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, виртуалды серверлердің де, пошта жәшіктерінің де күнделікті резервтік көшірмесі жасалады. Түгелі тегін.

Менің ойымша, бұл ақпараттық және киберқауіпсіздік мәселесі екі жағынан қарастырылып, бәріне пайдалы болатын синергияға әкелетін тәсіл.