Баспасөз орталығы

Қызметкерлерді оқытуда қалай үнемдеуге болады?

Жаңалықтар 04 Октября 2021
Қызметкерлерді оқытуда қалай үнемдеуге болады?

Көкжиекті кеңейтіп, қызықтыр. Қызметкерлерді оқыту шығындарын түбегейлі қысқартудың 3 тәсілі

Көпжылдық және үздік тәжірибелер, жаңа ұсыныстар мен жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетіне Қазақстандағы HR саласы мен оқыту саласына жетекші сарапшы ретінде атсалысуға мүмкіндік береді. Бүгін біз қызметкерлерді тез және сапасын жоғалтпай оқытуға арналған бюджетті қысқартуға көмектесетін үш жұмыс істейтін өмірлік лайфхак қырларын ашамыз.

Бизнес-симуляциялар

Бизнес-симуляциялар - бұл оқытудың жаңа сипаты, оның барысында нақты компанияның шынайылығына барынша жақындатылған бизнес-орта құрылады. Оқыту «қазір және осында» қағидаты бойынша жүргізіледі. Қатысушылар тәжірибе жинап, оны талқылайды әрі қорытынды жасайды және алған білімдері мен дағдыларын өз жұмысында қалай қолдану керектігін түсінеді.

Кез-келген қателік жұмсалған күш-қуатты ақтайды деуге болады. Тың нәрсені байқап көріп, тәжірибе жасау үшін тек екі нұсқа бар. Біріншісі көрігі қызу қайнаған тірлікке білек сыбана араласып, шындыққа бойлау. Бірақ ондай сәтте кез-келген компания өз қаражатын қатерге тігеді. Екіншісі - тәуекелдерді шығынсыз жүзеге асыратын бизнес-симуляцияны қолға алу, содан кейін болашақта бұл сәтсіздіктерді болдырмау. Қатысушылар батыл және қауіпсіз шешім қабылдай алады және әрекеттерінің салдарын көреді.

Біз оқыған нәрселеріміздің 10%, естігендеріміздің 20%, өзгелермен талқылайтындардың 70% және жеке тәжірибелеріміздің 80% көлемін есте сақтаймыз. Бизнес-симуляция қатысушыларға есте сақтау процесін жақсартатын эмоцияларды сезінуге мүмкіндік береді.

Нарықта көптеген бизнес-симуляциялар бар, бірақ Корпоративті университет өзінің серіктесі ретінде шведтік Celemi компаниясын таңдады. 40 жылдан астам уақыт бойы ұйым аталмыш бағытты дамытып келеді және 75 елде серіктестері бар. Осы уақыт ішінде 6 миллионнан астам адамды оқытқан.

Тренерлерге арналған TutorNotes және тренинг

Қызметкерлерді оқыту үшін сыртқы бизнес-жаттықтырушыларды үнемі тарту үлкен қаржылық шығындарға әкеледі және де сырттан келген сарапшы өз саласының маманы бола алғанымен, сіздің компанияңыздың жұмыс ерекшелігін, бизнес бағытыңыздың ерекше тұстарын білмей, тиісті жайт курстың тиімділігін едәуір төмендетуі мүмкін. Бөгде тарап жаттықтырушыларын жалдаудың орнына, өз мамандарыңызды оқытыңыз.

Қажеттілікке байланысты сіз өзін-өзі оқытатын компания немесе ішкі білім академиясын құра аласыз. Мүмкін ұйымыңызға сіздің компанияңызда басқа қызметкерлерге өз бетінше нақты білім бере алатындай бір маман дайындау жеткілікті.

«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті жаттықтырушыларды даярлау құралдарын ұсынады, мысалы, «Tutornotes» және «Жаттықтырушыларға арналған тренинг», олар бірге сіздің сарапшыларыңызға кәсіби жаттықтырушы болуға мүмкіндік береді.

Біріншісі – толыққанды ішкі жаттықтырушы болу үшін қажет нәрсенің бәрін қамтитын әдістемелік нұсқаулық.

«TutorNotes»-те теориялық бөлім, жаттықтырушыға арналған ұсыныстар және тыңдаушыларға арналған тәжірибелік тапсырмалар бар, бұл сізге белсенділікті арттыруға, сонымен қатар оқудан өту арқылы тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқу құралы тек басшыларға, дамыған жас мамандарға ғана емес, сонымен қатар «кеңестік» тәрбие өкілдеріне де түсінікті тілде жазылған. Осылайша, ұжым ішінде білімді тез таратуға болады.

Екіншісі сіздің жаттықтырушыларыңызға ақпаратты дұрыс ұсынуды, жүйелеуді, аудиториямен байланыс орнатуды үйретеді. Курстың бірегейлігі - бұл тәжірибелік дағдылар мен теориялық білімдердің үйлесімі, оларды іс жүзінде тиімді қолдану арқылы нәтижелі, қызықты семинарлар мен тренингтерді әзірлеу және өткізуді оңай еңсеруге мүмкіндік береді.

Виртуалды оқыту

Қызметкерлерді барлық қажетті құралдар – сауалнамалар, тесттер, графика, көмекшілер және тіпті ойындар бар арнайы платформаларда оқыту арқылы нәтиже ауқымын кеңейтіңіз. Мұндай платформаларда бір уақытта мыңдаған адамдар айналыса алады, ал курстар компанияның қажеттіліктеріне оңтайлы бейімделеді. Оқуды бір рет жазып алып, содан кейін жай ғана қызметкердің курсты қанша пайызға аяқтағанын, оқуды

бітірген соң тестті қалай сәтті тұжырымдағанын, қай жерде көп уақыт жұмсағанын көре аласыз. Осылайша сіз процесті автоматтандырасыз және жаттықтырушылар, аудитория және ұйымдастыру шығындары тұрғысында үнемдейсіз.

Барлық сипатталған құралдарды және басқа да көптеген дүниелерді «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті өз жұмысында пайдаланады. Клиенттердің сұранысына байланысты біз HR бөлімдерін әуре-сарсаңнан, ал компанияларды артық шығындардан босататын әртүрлі тәсілді қарастырамыз. Саналуан құралдардың мән-жайымен www.skcu.kz сайтында таныса аласыз.