ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесе отырып, Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭБТ) және Samruk Qyzmet порталдарының ықпалдасуын жүргізді. Енді «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар орналастырған бос орындар ЭБТ пайдаланушылары көріп, үн қатуы үшін қолжетімді болады.
«Жалпы, біз Электрондық еңбек биржасының бос жұмыс орындары ауқымын тұрақты түрде кеңейтуге тырысамыз, бұл тиісінше жұмыс іздеушілерге барынша көп мүмкіндік ұсынады. Осылайша, ЭБТ Қор порталымен ықпалдасуы арқасында, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін 170-тен астам ұйымның бос орындары қолжетімді болады», - деді «ЕРДО» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.
Қазіргі уақытта ЭБТ-да Қордың 59 компаниясынан 900-ге жуық бос орын туралы өзекті мағлұмат орналастырылған, олардың 650-і тұрақты жұмыс орындарына қатысты болып отыр.
«Екі порталды біріктіру – бұл үлкен қадам. Себебі қазақстандық пайдаланушылар үшін жұмысты жылдам әрі тиімді іздеу мүмкіндігі ашылады. Ал «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниялары үшін ізденушілердің көп санына қолжетімділік кеңейтіліп, нәтижесінде білікті мамандарды неғұрлым сапалы іріктеуге ықпал етіледі. Өз кезегінде, Электрондық еңбек биржасының порталы жаңа және өзекті бос орындар жайлы ақпаратпен толықтырылды. Біз ықпалдасуды жүзеге асыру үшін көп жұмыс жасадық және енді жұмыс іздеп жүрген барлық азамат біздің еңбегіміздің жемісін пайдалана алатынына қуаныштымыз», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов.
Айта кету керек, екі порталда бос жұмыс орындарына байланысты барлық талапты қарап қана қоймай, өзіңіз туралы мәліметті толтыру арқылы бірден үн қатуға болады. Қосымша ақпаратты enbek.kz және qsamruk.kz сайттарынан табуға болады.