Баспасөз орталығы

Жұмысқа қабылдарда сұхбатқа қалай дайындалу керек. Маман кеңесі

Жаңалықтар 21 Октября 2021
Жұмысқа қабылдарда сұхбатқа қалай дайындалу керек. Маман кеңесі

Жұмысқа орналасарда сұхбаттасу сәтінің ешқашан оңайға соқпайтыны белгілі. Алайда сіз рухани тұрғыда ертерек дайындалып, өзіңізді ұстай білсеңіз бойыңыздағы үрейдің де сейіліп сала беретіні анық. «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті HR-консалтинг департаментінің аға менеджері Нұржан Қарпықов нені алдын ала ескеріп, ал қандай кезде тапқырлық таныту қажеттігі жайлы кеңесімен бөлісті.

HR саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман үміткерлер жиі ұмытып кететін дайындықтың бірнеше маңызды тұсын атап өтті. 

Өзіңіз туралы шындықты жасырмаңыз. Бұл болашақта жұмыс берушімен сенімді қарым-қатынас орнатуға жол ашады

«Кез келген кандидаттың негізгі міндеті тек сұхбат шағында ғана емес, жалпы іріктеу барысында да өз қабілетін нақты, дәл және байыпты бағалау болып табылады. Жұмыс іздеушілердің көпшілігі әдетте жаттанды сөз тіркестерін қайталайды: «стресске төзімдімін», «тіл табысқышпын», «жауапкершілігім зор». Бұл қасиеттер іс жүзінде тек жұмыс барысында тексеріледі. Осылайша біз көбінесе үміткерлердің кейінірек орташа нәтиже көрсететініне және барлық мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмейтініне жиі кезігеміз. Сондықтан түйіндемеде, әңгімелесуде және іріктеудің басқа кезеңдерінде өзіңіздің оң қасиеттеріңізді тізіп қана қоймай, жұмыстан нақты нақты мысалдар келтірген дұрыс», - деді Нұржан Қарпықов. 

Қандай тәжірибе туралы әңгімелеу керектігін және қайсысын айтпай-ақ қою абзалдығын ойланып алыңыз 

 «Біз үміткердің түйіндемесінде 30 компания көрсетілгеніне жиі кезігеміз, ал жұмыс істеген ұзақтығы орташа есеппен 3-4 айды құрайды. Әдетте, бұл бір нәрсе дұрыс емес екенін білдіреді. Мүмкін, адам жұмыс берушілерді дұрыс таңдамайды, жанжал шығарады немесе тұрақсыз. Сондықтан екі тарап та - тапсырыс беруші де, кандидат та қандай таңдау жасайтынын айқын түсінуі қажет», - деп қосты спикер.

Барлығын алдын ала құрғақ жаттамастан бұрын, ізгі мінезді және ашық болуға тырысыңыз 

Құзыретке қатысты сұхбатқа соңына дейін дайындалу мүмкін емес дейді Нұржан Қарпықов.  Сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін. Әрине, ең жиі кездесетіндерді атауға болады - түйген тәжірибе, көшбасшылық, қиындықтар немесе күрделі жағдайлар туралы өткен жұмыстан шабыттандыратын мысалдар.

Дегенмен, барлық сұрақты алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан, ең сенімді тәсіл – мейірімді, ашық болу және нақты тәжірибеден ең қолайлы мысалдар келтіру. Нәтижесі жұмысқа шақыру үшін үміткердің жеке басы, іскерлігі мен білімі туралы жеткілікті көлемде білуге мүмкіндік береді.

Айтпақшы, тақырыптан ауытқыған жауап әрдайым дұрыс емесіне қарағанда әлдеқайда нашар деп саналады. Егер сіз рекрутерді түсінбесеңіз, қайта сұраңыз, нақтылаңыз. Сондай-ақ, ұмытпаңыз, әңгімелесуде ашықтық маңызды. Олай ашылмайынша сұхбаттан ең жоғары баға алу мүмкін болмайды», - деп нақтылады ол. 

Бұл материалда біз бірнеше қысқа кеңес мен ұсынысты келтірудеміз, алайда егер сіз құзыреттілік бойынша сұхбаттан қалай өту туралы егжей-тегжейлі және анық-қанық ақпарат алғыңыз келсе, Samruk Qyzmet тегін Мансаптық қарқындылық шарасына тіркеле аласыз. Ол 2021 жылғы 22-26 қараша аралығында онлайн сипатта өтеді. Үшінші күні Нұржан Қарпықов «Құзырет жөнінде сұхбат: Кандидаттың көзқарасы тұрғысында. Ерекшеліктері мен маңыздылығы» тақырыбында ой қозғайды. 

Шараға профиль сипаттамасындағы сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://qsamruk.kz/kz/events/rassirte-gorizonty-svoej-karery-registrirujtes-na-intensiv-ot-samruk-qyzmet