"Болашақ" стипендиялық бағдарламасының студенттері мен түлектеріне "Самұрық-Қазына" АҚ тобы компанияларының бос жұмыс орындары ұсынылды. Онлайн-кездесуге "Самұрық-Қазына" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Kcell" АҚ, "QazCloud" ЖШС, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ және "Самұрық-Қазына"
Корпоративтік университетінің HR-департаменттерінің рекрутерлері мен қызметкерлері қатысты. Спикерлер мансаптық өсу қызметі, функциялары мен даму көкжиегі туралы әңгімеледі.
Компания өкілдері бағдарлама түлектеріне қызықты болуы мүмкін ашық позициялар туралы ақпаратпен бөлісті. Мысалы, "Қазпошта" АҚ - да 30 лауазым, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да 8 лауазым, ал "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-да 5 лауазым бос тұр. Бос орындар жәрмеңкесінде 7 компаниядан әкімшілік-басқару аппаратынан барлығы 55 бос жұмыс орны ұсынылды.
"Самұрық-Қазына" Корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов шараға қатысушыларға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, студенттер мен түлектерге мол табыс пен жоғары жетістіктер тіледі, сондай-ақ барлық спикерді таныстырды.
Жас мамандарға Қор тобының 170-тен астам компаниясы өздерінің ашық бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыратын Samruk Qyzmet порталының қызметі туралы айтылды. Сервис онлайн түрде бос орындарға үн қатуға, түйіндеме жасауға, тестілеуден және бейнесұхбаттан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Samruk Qyzmet, жұмыс іздеушілерге мансаптық сауаттылықты дамытуға және оқуға көмектеседі. Сайт іске қосылған 2 жылда 2000-нан астам адам Қор тобынан жұмыс тапты.
"Біз үшін осындай іс-шараларға қатысу өте маңызды, өйткені Қордың және оның портфельдік компанияларының орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі шарты жоғары кәсіби және ынтасы зор команда болып табылады. Бүгін ұсынылған бос жұмыс орындары "Болашақ" бағдарламасының және басқа да білім беру бағдарламаларының түлектеріне қызықты болады деп үміттенеміз. Белсенді болыңыздар, түйіндеме толтырыңыздар, бос жұмыс орындарына үн қатып, арманыңыздағы қызметке қол жеткізіңіздер", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ Инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Лаура Демесінова.
Сондай-ақ, кездесуде, "Жас Өркен" дарынды қазақстандық жастарды дамыту бағдарламасы баяндалды. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар екі жыл бойы "Самұрық-Қазына" қорының саналуан компанияларында қарқынды оқудан және төрт ротациядан өтеді. Бұл талпынушыларға өзін танытуға және өндіріс қызметінің ерекшелігін егжей-тегжейлі білуге берілген тамаша мүмкіндік. Сайып келгенде, "Жас Өркен" болашақ топ-менеджерлерді дайындауға үлес қосуда және бүкіл Қазақстаннан келген жастарға арманындағы мансабын құруға жол ашады.
"Болашақ" Қауымдастығының атқарушы директоры Әлішер Дүнгенин шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастарды біріктіру жобасы туралы айтып берді:
"Бұл жобаның негізгі іс-шарасы бос орындар жәрмеңкесі болып табылады және ол студенттердің Қазақстанға оралуға ынтасын арттыруы тиіс. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық жастарды қолдау және елдегі адами капитал сапасын дамыту болып табылады".