Баспасөз орталығы

«Жас Өркен» Қазақстанның 16 қаласында бағдарламаға жаңадан студенттер қабылданатынын жариялайды

Жаңалықтар 05 Ноября 2021
«Жас Өркен» Қазақстанның 16 қаласында бағдарламаға жаңадан студенттер қабылданатынын жариялайды

«Жас Өркен» бағдарламасының өкілдері Қазақстанның 16 қаласында 90-нан астам қазақстандық ЖОО студенттерімен кездесулер өткізеді.

Таныстырылымдар Нұр-Сұлтан, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Павлодар, Семей, Өскемен, Петропавл, Қостанай, Рудный, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларында өтеді.

Студенттерге бағдарлама, қатысу шарттары, 2022 жылғы конкурстық іріктеудің критерийлері мен кезеңдері туралы айтылады. Келер жылы бағдарламаға 2019-2022 жылдар аралығында университеттерді бітірген жастар қатыса алады.

«Жас Өркен» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында жоғары оқу орындарының талантты және перспективалы түлектерін дамыту үшін әзірленді. Екі жыл бойы жастар Қордың түрлі компанияларында қарқынды оқытудан және төрт ротациядан өтеді. Бұл өзін танытуға және Қазақстанның жетекші компаниялары қызметінің ерекшелігін егжей-тегжейлі білуге тамаша мүмкіндік.

«Жас Өркен» бағдарламасы – бұл компаниядағы нақты қызметке жұмыс орнында оқыту ғана емес, белсенді азаматтық ұстанымы бар және кәсіби ой-өрісі кең жаңа буын басқарушыларын қалыптастыру және дамыту құралы. Бағдарлама Қазақстан Республикасының адами капиталына инвестиция ретінде де танылуда. Осылайша, Қор, 10-15 жыл ауқымында болашақ топ-менеджерлерді өз компанияларына дайындап, бүкіл елден келген жастарға арманындағы мансабын құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Жас Өркен» іске қосылған сәттен бастап бағдарламаға қатысуға 8 700-ден астам өтінім берілді. Барлық үміткер қатаң іріктеуден өтті. Бағдарламаға қатысуды 2017-2019 жылдардағы 53 жас маман аяқтады, олардың әрқайсысы Қордың портфельдік компанияларына жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта 2020 жылғы іріктеуге қатысушылардың 20-дан астамы 3 ротацияны аяқтап, 2022 жылы жобаны тәмамдайды.

Бексұлтан Бекмұратов, жобаны жүзеге асырушы «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің директоры:

– «Жас Өркен» жобасы қолайлы орта қалыптастырады және жас қазақстандықтардың әлеуетін ашуға мол мүмкіндік береді. Бағдарлама дарынды және креативті мамандар шеше алатын өзекті кәсіби міндеттерді көздейді. Жастар трансформация және цифрландыру бойынша ауқымды жобаларға қатысады. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар компания ішіндегі процестерге әсер етіп, тәсілдерді өзгерте алады және операциялық процестерді оңтайландырады. Өз идеяларымен, тың ұстанымымен және белсенділігімен олар жұмыс істейтін компаниялардың мәдениетін өзгертеді.

Жасөркеншілер компанияларда тәжірибелі басшылар – жеке тәлімгерлер тарапынан қолдауға ие болады. Әрбір ротациядан кейін балалар бір апта бойы қарқынды оқудан өтеді, оның барысында тәжірибелі мамандар оларға білім, дағдылар мен құзыреттер шеңберін кеңейтуге көмектеседі. Жалпы «Жас Өркен» жобасының барлық түлегіне Қор тобындағы компаниялардан жұмыс туралы ұсыныс түседі.

«Мен «Жас Өркен» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бергеніне ризамын. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компаниясы – «KAP Technology» ЖШС-дағы ротациям туралы айтқым келеді. Бірінші күні-ақ маған келесі бес ай өте мазмұнды болатыны байқалды. Жұмыс қарқыны көкжиегімнің кеңеюіне оң әсер етті. Ротация аяқталғаннан кейін өзімді ой-өрісі ұзарған маман сезіндім – компания жұмысының ерекшеліктерімен таныстым, тәлімгерден жаңа дағдыларды үйрендім, көптеген жаңа таныстарға ие болдым, сондай-ақ мансаптық өсу үшін қажетті бірегей тәжірибе алдым», - деп бөлісті бағдарлама қатысушысы Аслан Қаженов.

Анықтама:

«Жас Өркен» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ тобында 2017 жылы басталды. Іске қосылған сәттен бастап бағдарламаға 80-нен астам портфельдік компания және 200-ден астам тәлімгер атсалысты. 2020 жылы қатысуға 3000-нан астам қазақстандық өтінім берді.

«Жас Өркен» бағдарламасы туралы қосымша ақпарат келесі ресурстарда орналастырылады:

1.         Бағдарламаның ресми сайты: https://www.zhasorken.skcu.kz/ru  

2.         Instagram:  https://vk.com/wall456482723_820  

3.         Facebook: https://www.instagram.com/p/CVyLZLeICrV/?utm_medium=copy_link  

4.         VK: https://t.me/zhas_orken/1240  

5.         Telegram: https://t.me/zhas_orken