Баспасөз орталығы

Санаулы минуттарда сан соғып қалмау керек. «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді

Жаңалықтар 27 Апреля 2022
Санаулы минуттарда сан соғып қалмау керек. «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді

Қан кетуді қалай тоқтатуға болады? Егер адам есінен танып қалса не істемек керек? Реанимациялық әрекеттердің негізі қандай? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптарды алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты тегін шеберлік сабағы қатысушылары білді. Шара барысында «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында жұмыс істейтін 70-тен астам адам көкжиегін кеңейтті.

Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді қоғамның назарын қауіпсіздік мәселесінің қаншалықты маңызды екеніне аудару, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру мен насихаттау жұмыс орнындағы жыл сайынғы өлім-жітімді азайтуға қалай ықпал ететінін көрсету үшін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялағаны белгілі.

Қор тобының қызметкерлері ортақ іске атсалысып, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті ұйымдастырған шеберлік сабағында шыңдалды.

Түрлі оқыс жағдайларда әрекет ету алгоритмін Нұр-Сұлтан қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Дана Сайпиева көрсетіп, түсіндіріп берді.

Маман жүрек-өкпе реанимациясы тәсілдерін көрсетіп, тыныс алу жолдарына бөгде заттың түсуінің салдары туралы әңгімеледі және де жарамен, қан аққанда қалай жұмыс істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ естен тану кезінде әрекет ету жайлы кеңес берді. 

Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті:

«Адамға өлім аузындағы қауіпті жағдайда көмектесудің алғашқы қадамдары мен тәсілдерін әркім білуі керек деп санаймын. Күтпеген жағдайлар жұмыста, үйде, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда орын алып жатады. Олардан ешкім толық қорғалған емес. Сабыр сақтау, дүрбелеңге бой алдырмау және жағдайды бақылау үшін нақты нұсқауларды орындау керек. Бүгін біз пайдасы жиі тиетін алгоритмдерді зерделедік. Мен ұйымдастырушыларға құнды деректерге қанықтырғаны үшін өте ризамын. Жалпы бұл тақырып күн өткен сайын кең таралып, бұқаралық сипатқа ие болып келеді», - деп атап өтті акцияға қатысушы, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС PR-қызметінің басшысы Әсем Сартбаева. 

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жетекші менеджері Әсел Қыдырбекова осындай шеберлік сыныптары мен дәрістерді өткізу ондаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін келтірді: «Мен мұндай оқуға барлық қазақстандық қатысқанын қалаймын. Мектептерде, университеттерде, жұмыс орындарында болсын. Сонда қоғамда қаншалықты сенімді және қауіпсіз болатынын елестете аласыз ба?»

Экономика қызметінің менеджері Алмагүл Есемханова әріптесін қызу қолдайды: «Маған осындай мәселелерде қажетті ақпаратты арттыру идеясы ұнайды. Бүгін мен балаларыма, ата-анама, әріптестеріме қысылтаяң сәтте көмектесуге септігін тигізетін дағдыларды меңгердім. Бұл үлкен белес, яғни сын сағатта ондаған адамға қол ұшымды соза аламын. Шіркін әркім осындай білімге ие болса ғой. Қолжетімді және ең бастысы тәжірибеде қалай әрекет ету керектігін көрсете білген жаттықтырушымызға алғысым білдіремін».

Бұл соңғы шеберлік шарасы емес. Корпоративтік университетте тиісті оқу үнемі өтіп тұратынына уәде берді. Жаңалықтарды компанияның сайтында және әлеуметтік желілерінде бақылап отырған жөн.