Баспасөз орталығы

Армандаған қызметке барар жолда. Жастардың төртінші легі «Жас Өркен» көшбасшылық бағдарламасын аяқтады

Жаңалықтар 20 Мая 2022
Армандаған қызметке барар жолда. Жастардың төртінші легі «Жас Өркен» көшбасшылық бағдарламасын аяқтады

Екі жылдық мазмұны бай және пайдалы кәсіби тәжірибе, қарқынды оқу және нетворкинг. Төртінші толқындағы түлектер «Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» Қазақстанның дарынды жастарын тарту және дамыту бағдарламасына қатысу бақыты естерінде осындай келбетте қалғанын айтады.

 

Естеріңізге сала кетейік, жоба 2017 жылы басталып, содан бері ҚР барлық өңірінен келген жас мамандар үшін әлеуметтік жоғары өрлеу құралына айналды.

 

2020 жылы шығармашылық конкурстық іріктеуден өткен бағдарламаға қатысушылар 20 мамырда «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында ротацияның екі жылдық бағдарламасын аяқтады. 2 жыл ішінде әр «Жас Өркен» жас маманы әртүрлі салада өндірісте тәжірибе жинақтау үшін өзінің жеке даму жоспарына сәйкес Қордың портфельдік компанияларында 5 айдан 4 ротациядан өтті, сондай-ақ Қор тобының құрылымымен және бизнес-процестерімен танысты.

 

Жұмыс орнындағы оқудан тыс, жас мамандар ротация арасындағы кезеңде техникалық және жеке-іскерлік дағдыларды дамыту үшін қарқынды курстан өтті. Жобаға қатысушылар кәсіби, сондай-ақ көшбасшылық құзыреттерге ие болды, сондай-ақ тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен жетекші қазақстандық компаниялардың нақты кейстері мен міндеттерін шешуге өз үлестерін қосты.

 

«Бұл ұмытылмас сәттер болды! Екі жыл ішінде мен Қор тобының төрт түрлі компаниясында жұмыс істедім. Қазақстанда өзге осындай қарқынды әрі қызықты бағдарламаны табу мүмкін емес деп санаймын. Әр компанияда мені қолдайтын және үйретуден жалықпайтын адамдар қоршап, қанатының астына алды. Бізге тәжірибесіз тағылымдамашылар қатысты немқұрайлы қарым-қатынас болмады, керісінше, ең күрделі және шығармашылық көзқарасты қажет ететін тапсырмалар берілді. «Самұрық-Қазына» қорына, ұйымдастырушыларға және біздің қымбатты тәлімгерлерге «Эйр Астана» АҚ-да өзімізді жүзеге асыруға және жұмысқа орналасуға осындай тамаша мүмкіндік туғызғаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп бөлісті түлектер қатарынан Баян Бегалиева.

 

Жастарды бағдарлама операторы – «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің басшысы Анара Жұмашева құттықтады. Ол жастардың әрқайсы «Жас Өркен» тарихында өз ізін қалдырғанын, тамаша нәтиже көрсеткенін және осылайша болашақта міндетті түрде жасөркендіктердің табысқа жететінін атап өтті.

 

«Бағдарламаның сәтті өтуі үшін үлкен жұмыс атқарған «Жас Өркен»  командасына үлкен алғысымды білдіремін. Қатысушыларды қолдап, қолтығынан демеп, оқытып, оларды дамытуға күш-жігерін аямаған тәлімгерлерге жеке алғысымды білдіреміз. Алдағы уақытта біз сіздерді, шүбәсіз, жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тартатын боламыз», – деп атап өтті ол.

 

Бағдарлама тәлімгерлері де түлектерді құттықтауға қосылды.

 

«Соңғы сегіз жыл бойы тәлімгерлікпен айналысып келемін. Өзім үшін осы жұмысты орындайтын үш негізгі бағытты айқындадым. Біріншісі - жоғары ынталандырылған мамандармен жұмыс істеу өте маңызды. Екіншіден, мен әрқашан бәріне бірдей қараймын. Үшіншісі - әрқашан биік талаптар қою. «Жас Өркен» бағдарламасында мен балалармен жұмыста барлық үш тағанды жүзеге асыруға тырыстым. Түлектерге айтарым: өсіп-өне беріңіздер, күрделі дүниені жеңілдетіп, оңайының өне бойына үңіле біліңіздер, қателіктер жіберуден және қайта ұмтылудан қорықпаңыздар, тек осы жағдайда ғана сіз керемет маман бола аласыз», - деді Станислав Стрельцов, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) Big Data талдау бөлімінің басшысы. 

 

Оған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова қосылды.

 

«Маған барлық қатысушыларды бағдарламаның аяқталуымен құттықтау мәртебесі бұйырды. Болашақ кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеп, «Жаңа Қазақстан» мен «Жаңа Самұрықты» бірге құруға шақырғым келеді. Осы мақсат үшін барлық білімдеріңізді, тәжірибелеріңізді және күш-жігерлеріңізді пайдаланыңыздар. Біздің компания атынан ҚТЖ есігі сіздер үшін әрдайым ашық екенін айтқым келеді. Барлық үлкен және асқаралы мақсаттарыңыз бен армандарыңыз орындалады деп үміттенемін, сәттілік!»,- деді ол.

 

Жалпы, бағдарлама іске қосылған сәттен бастап Қордың 80-нен астам портфельдік компаниясы мен 200-ден астам тәлімгер ортақ іске жұмылып, олар жас мамандардың дамуына елеулі үлес қосты.

 

Жаңа түлектерге өз тілектерін өткен жылдардағы «Жас Өркен» түлектері де арнады. Ернияз Заманбек пен Дана Тәшенова бағдарлама көптеген мүмкіндіктерді сыйлайтынын, тек оларды дұрыс қолдану қажет екенін жеткізді. Жасөркеншілер болса, әдеттегідей өте өршіл және өз дамулары мен көздеген белестерін бағындыруға дайын.

 

Қазіргі уақытта «Жас Өркен» жобалық тобы 2022 жылғы түлектерді Қор тобына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

 

2017 жылдан бастап бағдарлама қорытындысында 53 түлек «Air Astana» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» ҰК» АҚ, «Кселл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Inkai» БК сияқты компанияларға жұмысқа орналастырылды.

 

Бүгінгі таңда үш портфельдік компанияның аясында бейінді өндірістік мамандықтарға баса назар аудара отырып, «Жас Өркен» әдістемесіне негізделген бағдарламалар іске асырылуда: «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ-да «Ізбасар», «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Жас Темір», «Қазпочта» АҚ-да «Жас Өркен Kazpost Edition».