Баспасөз орталығы

Samruk Business Academy. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің жаңа келбеті.

Жаңалықтар 09 Сентября 2022
Samruk Business Academy. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің жаңа келбеті.

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетіеәі сыртқы және ішкі жағы бірдей өзгеруде. Компанияның атауы мен танымбелгісі жаңарып, қызмет үдерістері тың кейіпке енуде. Көзқарасы да жаңа бағытта жаңғыруда.

Samruk Business Academy өзінің алдына негізінен өндірістік персоналға назар аудара отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ тобына қызметкерлерді алу, даярлау және оқыту тұрғысында міндеттердің шешімін табудың тиімді құралдары мен сұранысын тоғыстыру алаңына айналуды көздеп отыр.

Қордың портфельдік компанияларымен ынтымақтастықта өзара іс-қимыл бағыты серіктестік қатынастарға қайта бағдарланатын болады. HR-процестерді әкімшілендіру, рекрутинг және персоналды бағалау, аутстаффинг және басқа да бағыттар бойынша бағдарламалар қайта қаралатын болады.

Сондай-ақ, SBA өндірістік мамандықтардың кәсіби мамандарын даярлау үшін қазақстандық білім беру жүйесі мен «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ықпалдасу орталығына айналады. Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық көлемі айтарлықтай артады - студенттер мен оқытушылардың тағылымдамадан өтуіне, тар ауқымдағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға, бизнес-кейстерді ұйымдастыруға мүмкіндіктер жасалады. Білім беру ресурстарына көпжақты қол жеткізу қамтамасыз етілген.