Баспасөз орталығы

1500 адам "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының көмегімен жұмыс тапты

Жаңалықтар 18 Мая 2021
1500 адам

Qsamruk.kz - бұл «Самұрық-Қазына» қоры тобындағы бос жұмыс орындарының бірыңғай сайты, онда 170-тен астам компания қажетті ақпаратты орналастырады.

@Qsamruk.kz жобасы құрылған 2019 жылдан бастап, оның көмегімен 1500 адам жұмыс тауып үлгерді.

Сайттың басты артықшылығы – «Самұрық-Қазына» АҚ, KEGOC, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Air Astana, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ сияқты үздік компаниялардағы және Қор тобына кіретін 160-тан астам ұйымдағы бос жұмыс орындарын іздеуге мүмкіндік береді.

Сайт құрылымы жұмыс іздеуші үшін белгілі бір компания мен нақты қызметтер көрінетіндей ең қолайлы нұсқаны таңдауға көмектеседі. Рекрутерлер әртүрлі мамандықтар мен тәжірибесі бар адамдарды іздейді, олар мысалы – өндіріс еңбеккерлері мен кеңсе қызметкерлері, менеджерлер және жоғары оқу орындарын енді бітірген студенттер.

Сервис сізге түйіндеме жасап, тестілеуден өтуге және онлайн тәртіпте бейнесұхбат алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, платформаның әлеуеті үміткерлерге сол лауазымға қанша адам үміткер екенін көруге, сондай-ақ конкурстың қорытындысын зерделеуге жол ашады. Үміткерлер әрдайым қай кезеңде тұр, алдыңғы сатыдан өтті ме, әрі қарай не істеу керек сынды туындаған сұрақтар бойынша кері байланыс алады.

Қазақстанның жетекші компанияларында жұмыс тапқыңыз келсе, Qsamruk.kz сайтына қосылыңыз!