Баспасөз орталығы

Жетекші мұнай-газ компанияларының 300-ден астам топ-менеджері саланың HR-мамандары үшін алғашқы "PetroHR-2023" форумына қатысты.

Жаңалықтар 20 Июня 2023
Жетекші мұнай-газ компанияларының 300-ден астам топ-менеджері саланың HR-мамандары үшін алғашқы

Жетекші мұнай-газ компанияларының 300-ден астам топ-менеджері саланың HR-мамандары үшін алғашқы "PetroHR-2023" форумына қатысты. Ұйымдастырушы - "Petrocouncil" мұнай-газ кеңесі.
"Кадрларды даярлау және HR-дағы цифрландыру" панельдік сессиясы аясында форум қатысушыларына QSamruk.kz рекрутингтік цифрлық платформасы ұсынылды . Аталған алаңға Қазақстанның 500-ден астам жетекші жұмыс берушісі қосылып, жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарына 340 000-нан астам рет үн қатып үлгерді.
Жоба тобының жетекшісі Самал Наурызова тыңдаушыларға персоналды іріктеудің алғашқы қазақстандық платформасының функционалдық мүмкіндіктері, іріктеуді автоматтандыру, мобильді қосымшаның жұмысы, коммуникациядағы ашықтықты қамтамасыз ету және қашықтықты қысқарту құралдары туралы айтып берді.
"Ыңғайлы интерфейс пен кеңейтілген іздеу мүмкіндіктерінің арқасында жұмыс берушілер кадрларды іріктеу процесін оңтайландырып, үміткерлердің профильдерін көре алады. Сонымен қатар, сәйкес үміткерлерді анықтап, олармен байланысу мүмкіндігін иеленді. Платформамен жұмыс істеу жұмыс берушілер мен үміткерлер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, компаниялар үшін жұмысшыларды іріктеу және жұмыс іздеушілер үшін жұмыс іздеу процесін едәуір жеңілдетеді", - деп атап өтті спикер.