Баспасөз орталығы

Астанада ауқымды жоба - PR school басталды

Жаңалықтар 18 Апреля 2023
Астанада ауқымды жоба - PR school басталды

Астанада ауқымды жоба - PR school басталды.

Бұл бағдарламаны Samruk-Kazyna PR family жобасының кеңейтілген нұсқасы деуге болады. Биыл PR school қатарына «Самұрық-Қазына» АҚ тобының өңірлік компанияларының пиар мамандары мен мемлекеттік аппарат өкілдері қосылды.

PR мектебі - модульдік кәсіптік оқыту бағдарламасы. Ол 6 модульден және 3 модульаралық шеберлік шарасынан тұрады. Бағдарламаны әзірлеу кезінде оны жасаушылар кәсіби қоғамдастықтың нақты қажеттіліктері мен «сезімтал тұстарына» назар аударды. 

Жобаның алғашқы дәрісі-ашылуы «Бренд құрудағы креатив локомотиві» тақырыбында өтіп, «Өміршеңдік» тақырыбындағы шеберлік шарасы мамыр айында өтетін болды.