Баспасөз орталығы

Ұлттық компанияда қалай жұмыс табуға болады?

Жаңалықтар 17 Июня 2021
Ұлттық компанияда қалай жұмыс табуға болады?

Елдегі ең жақсы және ең ірі компанияларда мансапты қалай құруға болады? Алдымен олардың бос орындарын табу керек. «Самұрық-Қазына» тобындағы барлық ашық қызметтер Samruk Qyzmet платформасында жарияланады (qsamruk.kz). Сондықтан сайтқа кіру ұлттық компанияның болашақ қызметкері үшін алғашқы қадам болуы мүмкін.

 

Жалпы алғанда, платформада уран көшбасшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, теміржол алыбы «ҚТЖ» ҰК» АҚ, мұнай операторы «ҚазМұнайГаз» АҚ, авиатасымалдаушы «AirAstana», технологиялық табысты «Қазақтелеком» АҚ, энергетикалық озық «KEGOC» және Қазақстан экономикасының басқа да локомотивтері, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарын қоса алғанда, 170 компанияның бос орындары ұсынылған.

 

Сандар сөйлетсек

 

Құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде платформа Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жұмыс іздеушілер арасында танымалдылыққа ие болды және бүгінде ол өндірістегілерге де, басшыларға да жұмыс іздеуге көмектесуде.

 

Онлайн-платформа жұмысы барысында 48 000-нан астам ізденуші тіркеліп, 6 664 бос жұмыс орны орналастырылды, 1 800-ге жуық адам жұмысқа тұрды.

 

«Қазатомөнеркәсіп» те платформаны белсенді қолданады. Samruk Qyzmet жұмыс істеген уақыт ішінде компания және оның еншілес ұйымдары сайтта 1300-ден астам бос жұмыс орнын орналастырды және 640-тан астам қызметкерді жұмысқа қабылдады.

 

Мүмкіндіктер

 

Платформаның интерфейсі ыңғайлы және қарапайым, ол тіпті онлайн-рекрутинг мүмкіндіктерін ешқашан пайдаланбаған адамдар үшін де түсінікті. Сүзгілер ең қолайлы бос орынды табуға көмектеседі. Сіз белгілі бір компанияны және белгілі бір функциялары бар жұмысты таба аласыз.

 

Сондай-ақ, мысалы, университет түлегі «жұмыс тәжірибесі жоқ» қыры бойынша іздеу сүзгісін қоя алады, ал тәжірибелі маман, керісінше, басқарушылық қызметті іздей алады.

 

Сервис сізге түйіндеме жасауға, тестілеуден өтуге және онлайн тәртіпте бейнесұхбат алуға мүмкіндік береді. Мұндай опциялар басқа қалаларда жұмыс іздейтін немесе басқа елде демалыста жүрген адамдар үшін ыңғайлы.

 

Qsamruk.kz тағы несімен ыңғайлы? Платформаның ең маңызды ерекшелігі - міндетті кері байланыс. Үміткерлер іріктеудің барлық кезеңдерінде хабарлама алады, яғни пайдаланушы әрқашан тестілеуден өткенін және сұхбаттың сәтті болғанын біледі. Сайтта сондай-ақ байқауға қатысуға тағы қанша адам өтінім бергенін көруге болады, яғни пайдаланушыға оның қанша бәсекелестері бар екені түсінікті етіледі.

 

Осы функционалдың барлығы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына іріктеу процесін барынша ашық ету үшін құрылған. Қорда қазақстандықтар рекрутингтің барлық процестерін көріп, топ компаниялары елдің үздік жұмыс берушілері болып табылатынын және нарықта неғұрлым білікті мамандарды іздейтінін түсінуі үшін барлығы жасалуда.

 

Мен Qsamruk.kz арқылы тестілеуден өттім

 

Біз жарты жылдан бері Нұр-Сұлтандағы «Қазатомөнеркәсіп» Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры болып жұмыс істеп келе жатқан Оксана Палаткинаның оқиғасымен бөліспекпіз. Іріктеудің барлық кезеңі Qsamruk.kz сайтында өтті.

 

«Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі тұрғысынан өте ыңғайлы қызмет. Өтінім берген сәтте Алматыда болдым, ал тестілеу мен әңгімелесуден онлайн өттім. Менің ойымша, пандемия кезінде мұндай функционалдылық әсіресе өзекті. Сондай-ақ, іріктеу процесі ашық екенін атап өткен жөн - барлық үміткерлер бірдей сынақтардан өтіп, тең дәрежеде бәсекелесті. Сонымен қатар, жұмыс тапқаныма қарамастан, Samruk Qyzmet командасы өткізетін іс-шаралар туралы хабарлама алғаныма қуаныштымын», - дейді маман.

 

Бұған дейін сарапшы банк саласында 20 жылға жуық жұмыс істеген. Ол неге саланы өзгертіп, «Қазатомөнеркәсіпке» келуді шешкенімен бөлісті.

 

«Банк саласында барлық ықтимал сын-тегеурінге тап болып, оларды еңсердім. Содан жаңа белестерге көтерілгім келіп, қызметімнің ауқымын немесе саласын өзгерту туралы ойладым. Сондай-ақ тұрғылықты жерімді өзгертуге - елордаға көшуге талпындым. Ірі қазақстандық компаниялардан, тіпті шетелден де ұсыныстар келіп түсті. Бірақ «Қазатомөнеркәсіптің» қызметін екі жылдан бері қадағалап келемін - әлеуметтік желілердегі жаңалықтар мен жарияланымдарды оқыдым. Менің ойымша, бұл елдегі ең өркендеуші, «ақылды» өндірістік компания. Сондай-ақ, сол кезде ұйым дамудың қызықты кезеңдерінен өтті - IPO, өткізу нарығын кеңейту, саладағы жетекші компаниялармен ынтымақтастық, ұзақ мерзімді дамудың жаңа стратегиясы және басқа да жобалар. Мамандығыма байланысты - «тәуекелде» - бос орын пайда болған беті үн қаттым және бес айдан бері компанияда сәтті жұмыс істеп келемін. Айналамда тамаша ұжымым және жағдайымды түсіне білетін жетекшім бар», - дейді ол.

 

Оксана Палаткинаның бастан өткергені – «Қазатомөнеркәсіптегі» қызметкерлер Qsamruk.kz арқылы жұмыс тапқан немесе іріктеудің басқа кезеңдерінде пайдаланған жүздеген оқиғаның бірі ғана.

 

Сайтты құрушылар - «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің командасы - платформаның кез-келген бэкграунд пен мамандығы бар ізденуші үшін ыңғайлы болуына күш салды.