Баспасөз орталығы

Жұмыс берушінің жүрегіне жол. Кәсіби рекрутердің 7 құпиясы

Жаңалықтар 13 Августа 2021
Жұмыс берушінің жүрегіне жол. Кәсіби рекрутердің 7 құпиясы

Сіздің түйіндемеңізді қалай ғана қабылдамай, тастай салмай, қарастырылатын тізімге қосатындай ету керек? Неге әңгімелесу кезінде жалақыны тым жоғары талап етпеген жөн? Жұмыс тәжірибесі мен дағдыларды әсірелеп жеткізген дұрыс па? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты кәсіби рекрутер, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің рекрутинг орталығының басшысы Серік Асанов берді.

 

1. Бір платформадағы 1000 бос орынға бірде й жаппай жауап бермеңіз

 

Біз бос жұмыс орындары туралы жариялағанда, көбінесе жұмыс іздеушілер бәріне бірдей жай, себепсіз дерлік үн қатып жатады. Ол адам талаптарға сәйкес келмейтінін 100% түсінуі мүмкін, бірақ әйтеуір қажет болып қалар деген оймен түрте салуы ғажап емес. Сөйтіп түйіндемені алдымен инженер қызметі бойынша, содан кейін есепші орнына, содан кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман лауазымына жібереді.

 

Сондай-ақ, еңбеккерді жалдаушылардың (рекрутерлердің) жұмысын «тексеруге» құмар адамдар санаты бар. Біз әрқашан кері байланыс беруге тырысамыз, бірақ бұл жұмыс берушілерді жалықтыруы ықтимал.

 

Samruk Qyzmet сияқты заманауи жалдау платформаларында https://qsamruk.kz/, жұмыс берушілер әр жұмыс іздеуші үшін өз компанияларына қатысты үн қату тарихын көре алады. Сәйкесінше мұндай үміткерлерге байланысты әрдайым сұрақ туындайды.

 

2. Ең маңыздысы – соңғы тәжірибе

 

Мен әрқашан соңғы жұмыс тәжірибесін бағалаймын. Әсіресе, мұндай көзқарас үміткерлердің көп саны жауап беретін орындар үшін өзекті. Егер біз HR маманын іздесек, алайда жұмыс іздеуші соңғы екі жыл ішінде сату менеджері болып жұмыс істесе, онда оның түйіндемесіне назар аударуым екіталай. Нарықта HR саласының өкілдері өте көп, сондықтан дәл қазір жұмыс істейтіндерді таба аламын және олардың жұмыс ерекшеліктері туралы білімдері тың.

 

Егер қызмет ерекше болса және кәсіби маман табу қиын болса, бұл ереженің жарамайтыны сөзсіз. Бұл тұста әр хатты ашып, керісінше, кез-келген қолайға жағатын тәжірибеге «жабысуға» тырысамын да, мәселенің егжей-тегжейін телефон арқылы сұхбаттан білемін.

 

3. Жұмыстан неге кеткенін білген абзал

 

Рекрутерлер үшін өткен жұмыстан босату себебі түсіну маңызды. Бұл үміткердің жаңа жұмыс табуға деген ынтасын көрсетеді. Үміткерге күмәндануға басшылықпен немесе әріптестермен жанжал, сондай-ақ құжаттарда жазылған «бап бойынша» жұмыстан шығару жайлары итермелеуі мүмкін.

 

Алайда жұмыстан босатумен өмір бітіп қалмайтыны анық. Өйткені әртүрлі жағдай бар, сондықтан кейде адаммен сөйлесіп, оның көзқарасын түсінген жақсы. Егер қателіктер мен кінәраттар ұдайы қайталанған болса, онда біз үміткерден бас тартамыз. Егер адам жай ғана бір орында ұзақ отырғандай күй кешсе немесе бірден басқа жұмыс орнына ауысса немесе қызмет аясын өзгерту туралы шешім қабылдаса – бұларға көнуге болады.

 

Бәрібір әңгіме барысында үміткердің өзінің бұрынғы жұмыс берушісі туралы теріс пікірде екені аңғарылады. Мен мұны сұрақтар арқылы, дәлірек айтқанда, олардың астарына қарай ұғамын: «Сіздің ойыңызша, адамдардың жұмыстан шығарылуының үш себебін атаңыз». Бұл сұраққа үміткер не үшін жұмыстан шығарылғандығын немесе болашақта кетуге түрткі болатын жайттарды тізбектеуі әбден мүмкін.

 

4. Рекрутер қоңырауына жауап беруге дайын болыңыз

 

Сұхбатқа шақырылмас бұрын, біз үміткерлердің уәжін, қалаған жалақысын, біздің компаниямыздың қызметі туралы қаншалықты құлағдар екенін білуі үшін алдын ала қоңырау шаламыз.

 

Бұл жерде үміткерлерге барынша саналы, байыпты болуға, бос жұмыс орындарында көрсетілген талаптарды, компания туралы ақпаратты толық қарауға кеңес берер едім. Кейде адам барлық ұсынысқа жауап бергенін айтады және оған қайдан қоңырау шалып тұрғанымызды есіне түсіре алмай қиналады. Бұл жерде сұрақ туындайды, жұмыс іздеуші шынымен бізде жұмыс істегісі келе ме?

 

5. Тым көп жалақыға иек артпаңыз 

 

Егер біз үміткердің қаржылай сұранысын қанағаттандыра алмайтынымызды түсінсек, онда біз оның түйіндемесін кейінге қалдырып, алдымен жалақы бойынша қолайлы тұлғаны қарастырамыз. Егер бос жұмыс орнына қызығушылық жоғары болса, онда ізденушіден түйіндемені қарастырудың бастапқы кезінде-ақ бас тартылуы мүмкін.

 

6. Жиі жұмыс ауыстыруды жұмыс беруші жақтыра қоймайды

 

Көптеген басшыны жұмысты жиі ауыстыру әдеті алаңдатады. Егер үміткер жылына 2-3 рет жұмыс орнын ауыстырса, бұл көкейде бірқатар сұрақ туғызады. Мұндай тәжірибені түйіндемеде мүлдем көрсетпеуге кеңес берер едім.

 

Алайда, бұл ереже студенттерге немесе жаңадан келген мамандарға қолданылмайды. Мұнда мен, керісінше, кез-келген қажетке жарарлық тәжірибені нұсқар едім. Мысалы, бір кезде, тағылымдамадан өтушінің бос орнына бізде екі студент үміткер болды. Біреуі университетте оқып жүргенде бірнеше жыл қызмет көрсету саласында жұмыс істесе, ал екіншісі тек оқумен айналысқан. Нәтижесінде, біз бірінші үміткерді таңдадық, өйткені оны оқыту мен жұмыс күні тәртібін, жалпы қалыптасқан тәртіпті түсіндірудің әуресі аз еді.

 

7. Түйіндемені әсірелеп, жалған дерек келтірген дұрыс па?

 

Жас маман іздеген кезіміз болды. Бір қыз келіп, біздің серіктестеріміздің компаниясында қызметкер болып істегенін айтты. Мен ондағы көзтаныс әріптестердің қалың сұрай бастап едім, бойжеткен кідіріп, мардымды жауап бере алмады. Содан басшылыққа қоңырау шалсам, қандай пікір білдіретіні жайлы тікелей сауал қойдым. Әрине, ол осыдан кейін амалсыздан өтірік айтқанын мойындады. Бұлай істеу ұят.

 

Өткен еңбек жолың туралы барынша оң сипаттауға қарсы емеспін, тек нақты тәжірибеге сүйенген ләзім.

 

Мұнда егер ұсынған ақпаратыңыз білгеніңізбен растай алатын ұсақ-түйек болса бір жөн. Ал егер сіз осы уақытқа дейін компанияда жұмыс істеп жүргеніңізді жазып, бірақ бір жыл бұрын жұмыстан шығып қалған болсаңыз, бұл енді мүлде басқа мәселе. Айтпақшы тиісті мәліметті өте оңай және тез тексеруге болады.

 

Тәжірибелі рекрутерлер мен басқа мамандардың да өмірлік лайфхактарын Qsamruk.kz сайтынан табуға болады. Мысалы заңдарды қалай дұрыс саралаған жөн немесе түйіндеме әзірлеу кезіндегі қателіктер тұрғысында оқып, ой түйіңіз. Кіріңіз және жаңа біліммен қауышыңыз!