Баспасөз орталығы

Корпоративтік университеттің мамандары деректерді басқару бойынша шарада сөз сөйледі

Жаңалықтар 22 Ноября 2021
Корпоративтік университеттің мамандары деректерді басқару бойынша шарада сөз сөйледі

Трансформация, цифрландыру және ESG стандарттары – осындай тақырыптар «Самұрық-Қазына» АҚ деректерді басқару жөніндегі дөңгелек үстелі аясында талқыланды. Кездесуге ірі халықаралық және қазақстандық компаниялардың сарапшылары қатысты.

Шара гибридті сипатта өтті – спикерлер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн түрде сөйледі, ал қатысушылар онлайн талқылауға қосылды. Барлығы 130-дан астам адам қатысты.

Деректерді басқару саласындағы келешек көкжиегі, 2022 жылғы трендтер, қауіпсіздік техникасы, деректерді басқару саласындағы жобалар және жаңа бастамалар туралы «Самұрық-Қазына», «Қазатомөнеркәсіп», Accenture, Gartner және KPMG мамандары айтып берді. 

Корпоративтік университет атынан оқытуды дамыту департаментінің директоры Мақсат Жансейітов шараның модераторы ретінде және «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» жобалық тобының жетекшісі Лейла Құрманова сөз сөйледі.

Лейла Құрманова кәсіби қызметінде цифрлық жобаларға маманданған жастардың «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында өздерін қалай жүзеге асыра алатындығы – олардың оқу, даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Спикерлердің әр сөзінен кейін сұрақтар мен жауаптар сессиясы, сондай-ақ сарапшының сөзінде көтерілген тақырыптар туралы пікірталас өтті.

Шара соңында Мақсат Жансейітов корпоративтік университеттің барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді білім беру бағдарламалары – деректерді басқару, киберқауіпсіздік және цифрлық трансформация саласында оқыту туралы ой өрбітті.