Баспасөз орталығы

Үнемі жақсарып, жаңа дүниелермен толықтырылып отырады – «Қазпочта» АҚ рекрутинг бағытының жетекшісі Qsamruk.kz жайлы

Жаңалықтар 23 Декабря 2021
Үнемі жақсарып, жаңа дүниелермен толықтырылып отырады – «Қазпочта» АҚ рекрутинг бағытының жетекшісі Qsamruk.kz жайлы

Бұған дейін біз https://qsamruk.kz/kz/site портал жұмысы туралы жұмыс іздеушілердің әсерлерімен бөліскеніміз белгілі. Бұл жолы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының рекрутерлерімен платформа туралы не ойлайтындарын білу үшін әңгімелесіп көруді ұйғардық.

Біздің алғашқы сұхбаттасушымыз «Қазпошта» АҚ рекрутинг бағытының жетекшісі Айдана Жайжұмова болды. Сарапшы компанияда екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және осы мерзім ішінде порталды ыңғайлылық пен тиімділік тұрғысынан байқап үлгерді.

«Қазпоштадағы жұмысыммен Qsamruk.kz сайтымен танысуым қатар жүрді десем болады. Тиісті сервисті күнделікті қызметімде бос орындарға үміткерлерді іздеу үшін қолданамын. Сайт интерфейсі жұмыс беруші үшін де, жұмыс іздеуші үшін де өте ыңғайлы деп санаймын», - дейді ол.

Сарапшы сайттың маңызды ерекшеліктерінің бірі – жұмыс іздеп жүрген адамдар ешқашан жауапсыз қалмайды деп санайды.

«Платформаны басқа порталдармен салыстыра отырып, оны жасау кезінде ескерілген өте маңызды нәрсені атап өтуге болады - бұл біздің жұмысымызда міндетті болып табылатын үміткерлерге кері байланыс беру. Үміткер деректерін қараудың әр кезеңінен кейін оның ізденіс мәртебесі туралы хабарлама келеді, осылайша іріктеудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жауаптардың орташа саны, тестілеу кезеңінен өткен үміткерлердің саны және басқа да ақпаратты жүктеу мүмкіндігі бар, бұл маған есептерді тапсыру кезінде көмектеседі», - деп қосты ол.

Айдана Жайжұмова Qsamruk.kz ұтатыны сол, ол сайттың әрдайым жетілдіріліп отыратынында дейді.

«Жоба командасының қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайтыны, порталды жақсарту бойынша үнемі жұмыс істеп, жаңа дүниелер қосып, рекрутерлердің жұмысын жеңілдететіні, сондай-ақ кандидаттарға «Самұрық – Қазына» компаниялар тобына жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретіні қуантады», - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, Samruk Qyzmet (Qsamruk.kz) – уран көшбасшысы «Қазатомөнеркәсіп», теміржол алыбы «ҚТЖ», мұнай операторы «ҚазМұнайГаз», «Air Astana» әуе тасымалдаушысы, технологиялық «Қазақтелеком», энергетикалық «KEGOC» және Қазақстан экономикасының басқа да локомотивтерін қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» тобының 180-нен астам компаниясының бос жұмыс орындары ұсынылған платформа.