Баспасөз орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОҚҚ мен Samruk Business Academy арасында ынтымақтастық жайлы Меморандумға қол қойылды

Жаңалықтар 15 Февраля 2023

ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" және Samruk Business Academy коммуникация және қоғаммен байланыс саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды. 

Құжатқа ұйым басшылары Асқар Омаров пен Шолпан Жұмағазиева өз қолдарын қойды. 

Өзара іс-қимыл шеңберінде орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың PR-мамандарын даярлау үшін бірлескен бағдарламалар әзірлеу жоспарлануда. 

Меморандумға сәйкес, коммуникация және жұртшылықпен байланыс саласындағы заманауи үрдістер мен трендтерге, цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға, кәсіби сауаттылықты арттыруға, медиация мен кикілжіңдерді шешуге арналған шеберлік шаралары сериясын өткізу жоспарлануда.