Баспасөз орталығы

Samruk Business Academy мен Бизнес-жаттықтырушылар қауымдастағы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Жаңалықтар 17 Февраля 2023

Samruk Business Academy мен Бизнес-жаттықтырушылар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 

SBA тарапынан құжатқа директор Шолпан Джумагазиева, Қауымдастық тарапынан төрайым Әйгерім Тарбағатаева қол қойды.

Меморандум бірнеше бағытты қамтиды: ғылым және білім саласындағы бірлескен бағдарламалар мен ынтымақтастық жобаларын іске асыру, түрлі зерттеулер жүргізу, инновацияларды дамыту, тәжірибе алмасу.

Ынтымақтастық ұйымдарға бірлескен оқыту семинарларын, тренингтерді, вебинарларды, шеберлік сыныптарын өткізуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. 

"Қол қойылған Меморандум шеңберіндегі Қауымдастықпен өзара іс-қимылымыздың маңызды және түбегейлі жаңа бағыттарының бірі - инновация саласындағы серіктестік. Біз бірінші кезекте инновациялық кластерді өсіруге және қалыптастыруға бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша бірлесе жұмыс жүргізетін боламыз", - деп атап өтті Шолпан Джумагазиева.