Баспасөз орталығы

"Самрук-Қазына" АҚ тобының сатып алулары

Жаңалықтар 28 Февраля 2023

Достар,

Біз Samruk Business Academy ашық оқуларын қайта бастаймыз!

Осылайша 25 наурызда сіздерді «Самұрық-Қазына» АҚ және «2.0» ИСЭЗ сатып алуды жүзеге асырудың және сатып алу қызметін басқарудың жаңа тәртібі" тақырыбындағы ашық семинарға қатысуға шақырамыз.

Біздің дәріскерлеріміз Диар Тілеумұрадов пен Әлібек Сабырбай тыңдаушыларға Қор компаниялары тобының сатып алу үдерісіндегі жаңалықтары, осы саланы реттейтін заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы айтып, сатып алуды өткізу және оған қатысу кезінде пайдалы құралдар мен тетіктермен бөліседі.

Диар мен Әлібек сатып алу жоспарын қалай сапалы қалыптастыру және бекіту, жобаны құру және сатып алуды жариялау, оны өткізу, қорытындыларды дұрыс орналастыру туралы әңгімелейді. Себебі компанияның тиімді жұмыс істеуі сапалы жоспарлау мен сатып алу процесін жүргізуге де байланысты екені аян.

Күні: 25 наурыз 2023 жыл

Уақыты: 10: 00-ден 17:00-ге дейін

Орны: Астана қ., Достық к-сі, 2, Saad қонақ үйі

Тіркелу үшін байланыс: sakhanova@sba.kz