Баспасөз орталығы

Болашағымыз - бірлікте! Астанада HR форумы өтті

Жаңалықтар 10 Апреля 2023
Болашағымыз - бірлікте! Астанада HR форумы өтті

«Самұрық-Қазына» АҚ кадр саясатының алға қойған міндеттері мен басымдықтары туралы дұрыс түсінуді қалыптастыру, компаниялар арасында коммуникацияны арттыру, тиімді HR тәжірибелерімен алмасу мақсатында, осылайша саланың аса маңызды мәселелерін талқылау үшін 200-ден астам HR саласының мамандары жиналды.

Форумды Samruk Business Academy өзге тараптармен бірлесе ұйымдастырды.

Шараға Қазақстанның ірі компаниялары - Қазатомөнеркәсіп, Қазмұнайгаз, Қазақтелеком, Қазақстан темір жолы, Air Astana, Қазпошта, Самұрық-Энерго, KEGOC және басқа да көптеген компаниялардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен еншілес ұйымдарының HR саласының басшылары мен мамандары қатысты.